НАМ 20 ЛЕТ

Календарь


«    Январь 2021    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31




Счетчик посещений

Блог

    Уважаемый гость! Мы рады приветствовать Вас на официальном интернет ресурсе Кокшетауского технического института КЧС МВД Республики Казахстан, где можете получить подробную информацию по любому интересующему Вас вопросу.

 

    Сообщаем, что вся необходимая информация, касательно условий поступления размещена на сайте Кокшетауского технического института во вкладке АБИТУРИЕНТУ. Для получения справочной информации просим обращаться по телефонному номеру дежурной части института 25-13-36, или в Департаменты по ЧС областей, городов Астана, Алматы.

 

    Публикация Вашего вопроса возможна только после проверки модератором, в этой связи просим обратить внимание на корректность содержания Вашего вопроса!

 

 


Задать вопрос

Номер вопроса: 620     Автор: Нұргүл     Дата: 12.05.2020    

Саламатсыз ба?Менің ұлым 2004жылғы биыл 11сынып бітіруші түлек.Осы КТИ ға тапсырғысы келіп отыр прописной справкы сұрап отыр ондай жоқ военкоматтан өтпеген жасы келмегендіктен келер жылы өтеді енді нестейміз бала осы оқуға барғысы келеді.жауап жазсаңыздар.

Ответ:

Құрметті Нұргүл! 

«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығының 37 пунктіне сәйкес ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқыту нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, жеке, моральдық, іскери, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене шынықтыру, білім деңгейі бойынша оларға жүктелген қызметік міндеттерді орындай алатын Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Осыған байланысты Сіздің ұлыңыз Институтқа тек толық он алты жасқа толғасын қабылдануы мүмкін. 




Номер вопроса: 619     Автор: Адилет     Дата: 11.05.2020    

Сәлеметсіз бе мен 2017 мектеп бітіргем 2018-2019 жылы әскерде болдым биыл КТА тапсырайын деп жатырмын.сіздерге кешенді тапсырмай оқуға түсуге болама

Ответ:

Құрметті Әдилет! 

Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу үшін ҰБТ сертификаты қажет.

Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институттың сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.




Номер вопроса: 617     Автор: Құдайбергенұлы Жайлау     Дата: 04.05.2020    

Здравствуйте я на данный момент учусь в университете имени Ш.Есенова в морской академии в первом курсе можно ли мне перевестись в КТИ? А если можно то как? Что нужно сделать и с какого курса буду продолжать обучение?

Ответ:

Құрметті Құдайбергенұлы Жайлау!

 

Институт, оқуға берілген мемлекеттік тапсырысқа сәйкес қабылдайды. Қазіргі таңда Институтта бос орындар жоқ.

Осыған байланысты Сізді оқуға қабылдай алалмайтынымызды хабарлаймыз.

Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институт сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.




Номер вопроса: 616     Автор: Фатима     Дата: 04.05.2020    

Менің бауырым биыл 11 бітіреді. Қазір карантин екенін білесіздер. Құжаттарды қашаннан бастап жинай беруі керек. Нақты датасын айтыңыздаршы

Ответ:

Құрметті Фатима!

 

Институтқа оқуға түсу үшін жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне өтініш жазу керек, құжаттарды тапсыру мерзімін, құжаттар тізімін осы бөлімшелерден сұрастыру қажет.

Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институттың сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.




Номер вопроса: 614     Автор: али еламан     Дата: 01.05.2020    

ассалаумағалейкүм менің жасым 19га толады 10айлык окуды бітіреді жакпын мен түсу үшін кандай құжаттар жинаумын керек кайда тапсырамын емтихандар онлайн түрде отема алде кокшетауга бару кажетпа

Ответ:

Құрметті Али Еламан!

 

Институтқа оқуға түсу үшін жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне өтініш жазу қажет, оқуға түсуге қажет құжаттар тізімін осы бөлімшелердің кадр саясаты бөлімі береді.

Институтқа қабылдау медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының баллдарына сәйкес өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысына сәйкес Институттың конкурстық сайысына қатысу үшін баллдың ең төменгі шегі– 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша (20 тапсырмадан) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен (30 тапсырмадан «Математика» + «Физика»)  кемінде 5 балл жинау қажет.

ҰБТ тұрғылықты аумағыңыздағы базалық жоғарғы оқу орында тапсырасыз.

Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институттың сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.




Номер вопроса: 613     Автор: Гулзат     Дата: 30.04.2020    

Здраствуйте ! Меня зовут Гулзат! Мой сын в этот году заканчивает карагандинский Политехнически колледж факультет ЗЧС , хотели поступить к вам в институт! Как можно через онлайн сдать документы, проживаем мы в г Нур-султан, можете на эл почту скинуть документы и можно ли уже сдавать ЕНТ онлайн??? Пж ответьте

Ответ:

Уважаемая Гульзат!

 

Для начала Вам нужно подать заявление в отдел кадровой политики Департамента по чрезвычайным ситуациям по месту жительства, порядок представления документов для поступления можете узнать обратившись по контактному номеру 8 (7172) 32-01-88.

Форма сдачи ЕНТ не изменилась.

Подробная информация о зачислении на сайте Института www.kti-tjm.kz




Номер вопроса: 607     Автор: Рахат Данияр     Дата: 24.04.2020    

Қайырлы күн! Менің сұрағым мынадай. Мен қазір медицина саласында жұмыс жасаймын. Әскерге барып келдім. Бірақ та сіздерге сырттай оқуға түскім келеді. Сырттай оқу бөлімі бар ма? Болса қай уақытта құжаттар тапсыра аламын және қандай форматта? Алдын ала рахмет

Ответ:

Құрметті Рахат Данияр!

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Көкшетау техникалық институтының сырттай оқуына тек азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері түсе алады.




Номер вопроса: 605     Автор: Гүлнар     Дата: 23.04.2020    

Москавадағы курсанттар елге қайтарыла ма

Ответ:

Құрметті Гүлнар!

 

Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының курсанттары елге қайтарылу сұрақтары қарастырылуда.

Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының курсанттары оқу жылы толық аяқталғаннан соң ғана елге орала алады.




Номер вопроса: 603     Автор: Султангалиев Ашим     Дата: 19.04.2020    

здравствуйте а до какого числа можно подать документы? военный билет, диплом нужен?

Ответ:

Уважаемый Султангалиев Ашим!

 

На Ваш вопрос сообщаем, что для получения перечня необходимых документов для поступления в Кокшетауский технический институт КЧС МВД Республики Казахстан Вам необходимо обратиться в отдел кадровой политики Департамента по чрезвычайным ситуациям либо в ГУ «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ» по месту жительства.




Номер вопроса: 602     Автор: Kanat     Дата: 18.04.2020    

Здравствуйте, будет ли набор в этом году?

Ответ:

Уважаемый Канат!

 

На Ваш вопрос сообщаем, что в текущем году набор по очной форме обучения в Кокшетауский технический институт КЧС МВД Республики Казахстан осуществляться будет.




Номер вопроса: 601     Автор: Абылайхан     Дата: 18.04.2020    

Ассалаумағалейкүм.Мен осы 2020 жылы мектеп битиремин. Казирги карантин уакытына байланысты пожарный частьтағылар озымыз хабарласамыз деди, одан бери 1ай отти ешкым хабарласпады. Сурайын дегеним осы жылгы тулектер медкомиссияны кай кезден бастап отемыз, калай улгеруге болады?

Ответ:

Құрметті Абылайхан!

 

Сіздің сұрағыңызға ағымдағы жылы аумақтық әскери-дәрігерлік комиссиядан өту тұрғылықты жер бойынша 2020 жылғы 22 маусым мен 10 шілде аралығында жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.




Номер вопроса: 600     Автор: Мұқашева Аида     Дата: 12.04.2020    

Сәлеметсіз бе? Сіздерге тапсыру үшін Ұбт-да шығармашылық таңдаса болама, алде таңдау пәндер бойынша ма?

Ответ:

Құрметті Мұқашева Аида!

 

Институтқа күндізгі оқу түріне ер балалар ғана қабылданады.

Қыз балалар тек сырттай оқу түріне Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан қызметкерлері болған жағдайда ғана қабылданады.

ҰБТ келесі пәндер бойынша тапсыру қажет:  

Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша (20 тапсырмадан – кемінде 5 балл);

Математика» + «Физика» ( әр бейіндік пәннен 30 тапсырмадан - кемінде 5 балл жинау қажет).

Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институт сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.




Номер вопроса: 599     Автор: Аружан     Дата: 08.04.2020    

Сәлеметсіз бе!Мен Қызылорда қаласындағы колледжде "Төтенше жағдайларда қорғау" мамандығын биыл бітірейін деп жатырмын.Соған жумыс істеп,кейін КТИ ға заочныйғы тапсырайын деп едім.Бізден сұрап жатыр кешенді тест тапсырасындарма деп.Соған қандай пән таңдау керек екенін айтып жіберсеңіз.Рахмет

Ответ:

Құрметті Аружан!

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Көкшетау техникалық институтының сырттай оқуына азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері түсе алады. Егер Сіз азаматтық қорғау органына жұмысқа түссеңіз, Сіздің біліміңіз негізінде  КТИ-ға түсуге болады. Сонымен қатар ҰБТ тапсырасыз. Тестілеу үшін физика және математика пәндерін таңдау қажет.




Номер вопроса: 596     Автор: николай     Дата: 02.04.2020    

Здраствуйте у меня такой вопрос какой возраст имеет право у вас обуаться и ограничение возраста ?написано что есть дистанционное обучение ,и какие экзамены нужно пройти для поступления к вам?,сколько лет обучаться и оплата?

Ответ:

Уважаемый Николай!

 

Согласно Приказа Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года №77 «Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования» в Кокшетауский технический институт по заочной форме обучения принимаются только действующие сотрудники органов гражданской защиты. Обучение осуществляется на бесплатной основе. Ограничений по возрасту нет. Срок обучения зависит от базового образования - 2 года (высшее техническое) или 3 года (послесреднее или любое другое высшее).




Номер вопроса: 594     Автор: Шалқар     Дата: 29.03.2020    

Ассалаумағалайкум.Өрт сөндіруші маманды ғыңа түсу үшін Ұбт да қандай пән тандау керек?)

Ответ:

Құрметті Шалқар!

 

«Өрт қауіпсіздігі» мамандығына түсу үшін ҰБТ келесі пәндерді тапсыру қажет:

Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша (20 тапсырмадан – кемінде 5 балл);

Математика» + «Физика» ( әр бейіндік пәннен 30 тапсырмадан - кемінде 5 балл жинау қажет).

Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институт сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.




Номер вопроса: 593     Автор: Кулбеков Аманай     Дата: 26.03.2020    

Ассалаумағалайкум. Менің қойғым келген сұрақ қазіргі коранивирусқа байланысты 16.03.2020-16.04.2020 аралығында көп құжат жинайтын мекемелер карантинда. Енді құжат жинау мерзімі ұзарама. Оқуға түсу үшін қанша балл керек.

Ответ:

Құрметті Кулбеков Аманай!

 

Институтқа оқуға түсу үшін жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне өтініш жазу қажет. Құжаттарды тапсыру мерзімін төтенше жағдайлар департаменті сұрастыру қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысына сәйкес Институттың конкурстық сайысына қатысу үшін баллдың ең төменгі шегі– 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша (20 тапсырмадан) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен (30 тапсырмадан «Математика» + «Физика»)  кемінде 5 балл жинау қажет.

Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институттың сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.




Номер вопроса: 592     Автор: Максутова Айымжан     Дата: 18.03.2020    

Сәлеметсіз бе! Мен 2022 жылы 11 сыныпты бітіремін және бітірген соң осы оқуға түсейін дегем. Мені КТИ-ға алама.

Ответ:

Құрметті Максутова Айымжан!

 

Институтқа күндізгі оқу түріне ер балалар ғана қабылданады.

Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институт сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.




Номер вопроса: 590     Автор: Виктор     Дата: 07.03.2020    

Добрый день, мне 25 лет, устраиваюсь на работу пожарным. (Имею высшее экономическое а так же степень магистра по экономике, гол службы в армии).
На днях устраиваюсь на работу пожарным, в связи с этим задумываюсь о карьере офицера.
Хотел бы узнать у вас, могу ли я поступить на заочное обучение на 3 курс сразу?
Нужно ли будет мне сдавать дополнительные экзамены ? или достаточно дипломов

Ответ:

Уважаемый Виктор!

 

Согласно Приказа Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года №77 «Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования» в Кокшетауский технический институт по заочной форме обучения принимаются сотрудники органов гражданской защиты, имеющие послесреднее или высшее образование. В случае Вашего поступления на службу в органы гражданской защиты, Вы можете подавать документы на обучение в нашем ВУЗе. Для кандидатов имеющих высшее образование срок обучения по заочной форме – 2 года (при наличии высшего технического образования) и 3 года (любое другое высшее образование), при поступлении кандидаты проходят собеседование. Для поступления в наш Институт Вам необходимо обратиться в отдел кадровой политики Департамента по ЧС по месту жительства.




Номер вопроса: 589     Автор: Акбота Пулатовна     Дата: 04.03.2020    

Сәлеметсіз бе, менің інім аталған оқу орнына түскісі келеді, бірақ менің әкем сотты болған кісі. ол әсер ете ме? содан кейінгі сұрап егер денесінде операциядан кейін қалған пышақтың ізі болса медициналық қараудан өте ме?

Ответ:

Құрметті  Акбота Пулатовна!

 

Сіздің сұрағыңызға Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 6-бабына сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Сіздің жағдайда, сіздің ініңіз біздің оқу орнына түсуге кедергі келтіретін қандай да бір жағдайлар жоқ.

Медициналық куәландырудан өту мәселесі тұрғылықты жер бойынша ведомстволық медициналық мекемелердің аумақтық әскери-дәрігерлік комиссия мамандарының құзыретіне енеді.




Номер вопроса: 587     Автор: Бекмұратова Роза     Дата: 01.03.2020    

Саламатсыз ба ? қызылорда облысынан боламын . Ұлым 11 сынып бітіреді Сіздердің оқу орнына қалай түсе алады ? қандай документ жинайды жолдарын түсіндіріп айтсаныз

Ответ:

Құрметті Бекмұратова Роза!

 

Институтқа қабылдау медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының баллдарына сәйкес өткізіледі.

Институтқа оқуға түсу үшін жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне өтініш жазу қажет, оқуға түсуге қажеті құжаттар тізімін осы бөлімшелердің кадр саясаты бөлімі береді.

Медициналық комиссия өту уақыты ағымдағы жылдың 22-ші маусымнан  10-ші шілде аралығында.

Оқуға қабылдау туралы толық ақпарат Институттың сайтынан www.kti-tjm.kz алуға болады.




Страницы:1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 
Задать вопрос
Текст