НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Март 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31




Счетчик посещений

Новости : Шымкент қаласы оқу орталығы құттықтайды

30.11.2020

Құрметті  әріптестер !

Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізідің тұғырын көтерген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.

Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы – жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымының мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Сіздердің жанұяларыңызға береке, жұмыстарыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін.

 

Құрметпен, «ҚР ТЖМ КТИ» РММ Шымкент қаласы оқу орталығы бастығының міндетін атқарушы

азаматтық қорғау полковнигі

М. Сатылганов

Текст