НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 




Счетчик посещений

Новости : ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты құттықтайды

15.12.2020

Құрметті   Сырым  Дүйсенғазыұлы!

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының басшылығы, Ғылыми кеңесі, профессорлық-оқытушылар құрамы, Ардагерлер кеңесі, жеке құрамы және өз атымнан Сізді және сіздің ұжымыңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар  алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді.

Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Халқымыз тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік ел болуға бет бұрды. Сол себепті, Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар мен әлемнің барлық қиырындағы достарымыз үшін ұлы мереке.

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сізге және сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға  бақ пен береке,  шаңырақтарыңызға  шаттық  тілеймін!

 

Ізгі ниетпен,

ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы, с/ғ PhD докторы

генерал-майор  Б.Әбжанов

Текст