НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Март 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31




Счетчик посещений

Новости : ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы құттықтайды

15.12.2020

Құрметті  Сырым  Дүйсенғазыұлы!

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Бәрімбек Бейсенов атындағы  Қарағанды  академиясының басшылығы мен профессорлық-оқытушылық  құрамының атынан Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымды еліміздің  маңызды мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын.

Мемлекетіміздің қарқынды дамуы арқасында, татулықты ту еткен халықымыз мол табыстарға жетті. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңіз жемісті болуын  тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

 

Ізгі тілекпен, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы, полиция полковнигі  А.Дәрменов

Текст