НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 




Счетчик посещений

Новости : «Астана - бейбітшілік бесігі» тақырыбындағы жалпықазақстандық ашық диктант

21.09.2018

          2018 жылдың 20 қыркүйек күні  сағат 11.00-де ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында Ақмола облысы әкімі аппаратының тапсырмасымен жыл сайынғы «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кітапханалар және білім беру мекемелерімен бірлесіп, Қазақстан халқы тілдер күніне арналған «Астана - бейбітшілік бесігі» тақырыбындағы  жалпықазақстандық диктант өткізілді.

           Диктантты өткізудің басты мақсаты – жеке тілдік сауаттылықты тексеру, мемлекеттік тілдің беделін көтеру. Қазақстандық құндылықтарды насихаттау, қазақстандықтардың белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымының көрінісі ретінде қарастырылды.

          Жалпықазақстандық ашық  диктантты  Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының оқытушылары өткізді. Аталмыш іс-шараға қатысқан курсанттар жақсы білім көрсете алды.

 

 

 ӘГПТ және ПД кафедрасы

Текст