НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Май 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 




Счетчик посещений

Новости : КТИ-да латын әліпбиіне көшу бойынша танымдық дәріс өткізілді

28.02.2019

     Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының мазмұны мен мақсаты, құны мен құрамы, салмағы мен өміршеңдігі халқымыздың болашағын баянды ететін құнды тарихи бастама болды. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында таяу жылдарда халыққа тиесілі міндеттердің әрқайсысын талдап тұрып, түсінікті қылып, бірнеше жобаны ұсынды. Соның бірі – қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшіру болып табылады.

     Қазіргі таңда латын графикасын қайтадан жаңарған, жөнделген, қазақ тілінің бар емле, ережесін ескеретін жобасын қолдану алдында тұрмыз.

     Осыған орай 2019 жылғы 27 ақпан күні Көкшетау техникалық институтында «Жаңа әліпби-жаңа дәуірдің жаңа тарихы» атты танымдық дәріс өткізілді. Оған Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Қуаныш Қайыргелдіұлы Қажиахметов, бөлім басшысы Айгүл Дүзелбайқызы Талпақова, оқытушылар Салтанат Бисолтанқызы Мағажанова мен Гүлшат Шәмилқызы Шахманова және Институт қызметкерлеріне мемлекеттік тілді зерделеу бойынша сабақ беретін оқытушы Бибігүл Хаирбекқызы Даирова және барлық профессорлық-оқытушы құрам мен күндізгі оқу факультетінің 3-курс курсанттары қатысты.

     Іс-шара Институт бастығының ғылыми жұмысы бойынша орынбасары азаматтық қорғау полковнигі К.Ж.Раимбековтың баяндама сөзінен басталды. Одан кейін сөз Орталықтың өкілдеріне берілді, бөлім басшысы А.Д.Талпақова латын қарпіне көшу маңыздылығын түсіндіріп, сөзді  оқытушы-спикерлерге берді, олар слайдтарды пайдаланып, «Латын әліпбиі-мемлекеттік тіл тірегі» және «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» атты тақырыптарда баяндамалар оқыды. Қатысушылар қойған сұрақтарға толық жауаптар мен  түсініктемелер берілді.

     Соңында неше жылдан бері қатынасты қолдап, әдістемелік көмек көрсеткені үшін  Орталық қызметкерлері Алғыс хатпен марапатталды.

 

Мемлекеттік тіл және ақпарат

тобының аудармашысы

 

Ж.Иманбаева

Текст