НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Май 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 




Счетчик посещений

Новости : Институт бастығының құттықтауы!

08.05.2019

Құрметті ардагерлер, әріптестер мен курсанттар!

 

       Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының ұжымы, курсанттары және өз атымнан сіздерді Отан қорғаушылар және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

        Бір ғана Ақмола облысынан соғыстың алғашқы алты айында 37 мың адам, ал соғыстың барлық кезеңінде 80 мыңнан астам адам шақырылған. Олар барлық майдандардағы күрестерге, яғни, Мәскеу, Сталинград, Курск иіні тәрізді өзге де ұрыстарға қатысқан 66 ақмолалықтың Кеңес Одағының Батыры атанғаны, оның ішінде 13 адам Даңқ орденінің толық кавалері болғаны біздің жерлестеріміздің ерліктерінен хабар бергендей.

       Солардың ішінде біздің атақты жерлесіміз Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген панфиловшы, қазақ халқының ұлы тұлғасы Мәлік Ғабдуллин да бар.

       Бүгін азаматтық қорғау жүйесін әрі қарай дамытып, Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, абыройлы да қауіпті істеріне адал құтқарушылар аға ұрпақтың әскери дәстүрлерін жалғастыруда.

       Бүгінгі ерлік пен жауынгерлік күш тоғысқан екі мемлекеттік мереке бізге жыл сайын халқымыздың әлеуметтік мәртебесіне, ұлтына және дініне қарамастан, ел үшін тағдырлы міндеттерді шешу үшін бірігіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізе алатынын еске салады.

       Біздің міндетіміз халқымыздың қаһармандық істерінің ұлылығын мәңгілікке сақтап, Отан үшін қызмет етудің тамаша дәстүрлерін жалғастыру. Жеңімпаздардың әскери дәстүрлерінің үздіксіздігі біздің оқу орнының да қызметінен айқын байқалады.

       Біз өткенді ұлықтап, болашақ үшін ерінбей еңбек етіп, халықтың ертеңгі тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын мамандарды дайындап, Отан алдындағы борышымызды өтеудеміз.

       Өткен заман мен қазіргі батырларымыздың бейбітшілік пен ұрпақ үшін бейбіт өмірді сақтау жолындағы қаһармандықтары үшін зор құрмет пен шексіз алғыс білдіріп, шын жүректен баршаңызға бірлік пен береке, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!

 

        Ұлы дала елінде тек тыныштық, бейбітшілік пен ынтымақтастық орын алсын!

 

Институт бастығы

азаматтық қорғау полковнигі

 

С.Шәріпханов

Текст